Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Оған сырттай таныс әйел мемлекет тарапынан берілетін үйдің кезегін жылжытып беретінін айтып, қызметі үшін 300.000 теңге ақшасын алып, бір жыл бойы алдап келген.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 190»-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.
Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдікті әйелді ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден топ құрылды. Нәтижесінде күдікті анықталды, ол жұмыссыз жүрген тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдікті әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.