Түркістанда абаттандыру мен санитарлық тазалық жұмыстары басты назарда

51

Түркістан облысында елдімекендерді абаттандыру жұмысы мен санитарлық тазалығы пысықталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, бұл мәселе бойынша аудан, қалаларда анықталған кемшіліктер жойылуы тиіс.

Ол үшін атқарылатын жұмыстың жобасы әзірленіп, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісіліп, бекіту қажет болатын. Алайда бүгінгі таңда Түркістан қаласы мен Жетісай, Мақтаарал, Ордабасы, Келес, Сарыағаш, Қазығұрт аудандары облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген нұсқасын ұсынған жоқ.

Бұдан бөлек, қараусыз қалған ғимараттар мен демалыс аймақтарын қалпына келтіру жұмыстары тым баяу жүріп жатыр деді өңір басшысы. Аппарат отырысында осы мәселелер айтылып, шешу жолдары ұсынылды. Бірнеше аудан, қала әкіміне жұмысты ширату жөнінде тапсырма берілді.