Ұлттық қордың валюталық активтері 100 млрд. долларға дейін арттырылмақ

49
фото Астана Ақшамы

2030 жылға қарай Ұлттық қордың валюталық активтерін 100 млрд. долларға дейін арттыру жоспарланып отыр .Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланшемен келіссөз кезінде айтты.

Тараптар ағымдағы ахуалды және ел экономикасының нақты, бюджеттік, қаржы секторларын дамыту жөніндегі шараларды, Қазақстанның орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясатының басымдықтарын, Мемлекет басшысы жариялаған құрылымдық реформаларды жүргізуді, сондай-ақ климаттың өзгеруінен болатын зардаптарды жоюға бағытталған шараларды егжей-тегжейлі талқылады.
Премьер-министр Қазақстан мен Қор арасында кең ауқымды экономикалық мәселелерді қозғайтын тығыз байланыстар орнатылғанын атап өтті.
Атап айтқанда, республиканың қаржы секторын кешенді бағалау қарқынды жүріп жатыр, жақын арада Алматы қаласында Кавказ, Орталық Азия елдері және Моңғолия үшін әлеуетті дамыту жөніндегі ХВҚ өңірлік орталығын ашу жоспарланып отыр.