Вьетнам инвесторлары Шымкенттегі ескі үйлерді жаңғыртпақ

27

Вьетнам инвесторлары Шымкентте бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын. Шетелдіктер үшінші мегаполиста ескі көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, сауда-саттықты дамыту және құрылыс материалдарын өндіру бойынша бизнес жобаларын ұсынды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов инвесторлармен кездесіп, тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктерін қарастырды. Айта кетейік, соңғы жылдары Шымкент қаласы мен Вьетнам мемлекеті арасындағы тауар айналым шамамен 1,7 млн. АҚШ долларына жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 13 есе артқан.

Қала басшысы жауаптыларға ұсынылған бастамаларды жіті зерделеп, инвесторлармен қолайлы жағдайда жұмыс жүргізуді тапсырды.