Жалдамалы пәтер ақысы қайта қымбаттауда

65
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы талай қазақстандық азаматтың үмітін оятқаны анық

Ел аумағында  жалдамалы пәтер ақысы қайта қымбаттап жатыр. Тұрғын үй нарығы сарапшыларының мәліметінше баға өткен аймен салыстырғанда өңірлерде  3 пайызға көтерілген.

Қалалар бойынша айтсақ: пәтер ақы Ақтауда 7, Ақтөбеде 4, ал Астана мен Павлодарда 3, Алматы, Шымкент пен Көкшетауда 1 пайызға өскен. Ел бойынша жалдамалы үйдің орташа бағасы: бір бөлмелі пәтер 125 мың, екі бөлмелі 160, үш бөлмелі баспананы 195 мыңға жалдауға болады.