Электронды платформа арқылы жүргізіліп жатқан саудадан салық алуға болады

73

Электронды платформа арқылы жүргізіліп жатқан саудадан салық алуға болады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтып берді.

Әлібек Қуантыров, Ұлттық экономика министрі: «Бақылау-касса аппараттарының деректері, POS-терминалдар мен банк шоттары арқылы өтетін айналымдар негізінде декларацияларды алдын ала толтыру тетігін енгізу ұсынылады. Ал электронды коммерциядан алынатын салықты платформа иесі арқылы ұстап қалу ұсынылады. Бұл тәсілдер әзірге талқылау сатысында», – деді ведомство басшысы.Сондай-ақ ол 2030 жылға қарай Қазақстан экономикасындағы шағын және орта кәсіптің үлесін 40% арттыру міндеті қойылғанын еске салды.«Қазірдің өзінде біз бұл межеге қол жеткізуге болатынын көріп отырмыз», – деді