Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жүрек трансплантациясы жасалған азаматтың жағдайын біліп қайтты. Бас дәрігер науқастың қазіргі денсаулық жағдайын сұрап, тезірек жазылып, отбасына оралуына тілеулес екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол жергілікті кардиохирургтарға отаны сәтті аяқтап шыққаны үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, осыдан 2 апта бұрын Шымкент жүрек орталығында мегаполисте ең алғаш рет 61 жастағы тұрғынға жүрек ауыстыру отасы жасалған болатын. Операция кезінде кардиохирургтар пациентке 46 жастағы ер адамның жүрегін орнатып берген. Қажетті ағза мәйіттік донордан алынған. Жүрек отасы сәтті аяқталып бүгінде азамат өмір сүруге қайта мүмкіндік алды. Қазір елімізде 350 мыңға жуық адам жүрек ауруларымен ауырады. Ал әлем бойынша олардың саны 7 млн. Жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді.