Әлеуметтік төлем жоғалған кірістің 45 пайызына дейінгі мөлшерде беріледі

44

Елімізде жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 110 мыңнан асады. Биыл 97,4 мың адамға бұл төлем алғаш рет тағайындалды. Аталған төлем жүйесін жұмыссыз азаматтар қалай алады.

Елімізде жұмыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан төленеді. Шымкент қаласы тұрғындары мұндай төлем жүйесі жайында хабардар ма? Оны жергілікті халықтың өзінен сұрап білдік.

“Ондай жағын естімедім. Әлеуметтік төлем төленетінін».

«Біз жеке кәсіпкерміз, білеміз, жұмыссыздық орталығына барады ғой. Ия білем оны».

Айта кетейік, бұл жұмыссыз адамды жаңа қызметке орналасқан уақытқа дейін қолдауға арналған шара. Төлем мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен жүзеге асырылады. Төлем жұмыстан айрылу барысында жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде беріледі.

Нұрбол Шымкентбаев, Тұран ауданы мансап орталығы жұмыспен қамту бөлім басшысы: «Жұмыстан айырылуы бойынша арнайы әлеуметтік төлем деп аталады. Ол азамат ірі кәсіпорындарда жұмыс атқарып келген соы уақытқа шейін, белгілі бір себептермен жұмыстан қысқартылып қалған жағдайда біздің мансап орталығына келіп біздің мамандардың алдына отырып өзінің тиісті құжаттарын ұсыну арқылы жұмыс іздеуші ретінде тіркеледі. Нақты жұмыс табылғанша күтеді. Одан кейін жұмыссыз статусы беріледі. Одан кейін азамат жұмыстан айырылу бойынша әлеуметтік төлемге тапсыруға құқылы».

Жұмыссыздарға қаражат 2 айдан 6 айға дейінгі уақытта арнайы төлем орталығының шешімімен беріледі дейді мамандар. Аталған төлемге егов,кз немесе енбек.кз порталы арқылы өтінім беруге болады.