Бүгінде Шымкент қаласындағы мектепке дейінгі тәрбие ошақтарында заманауи оқыту тәсілдері қолданылуда. Жас өскіндерге жаңашыл идеялардың берері көп. Бүлдіршіндердің ой-өрісінің дамуы мен жетілуіне тигізер септігі де мол.
Шымкент қаласындағы №73 «Айжан» бөбекжай-бақшасы «Шоғырланған оқыту технологиясын» қолдана отырып, ортаңғы «Радуга» тобының тәрбиешісі Лаура Сальмановна Гильметдинова ойын тәсілімен бөлісті. Тәрбиеленушілердің сюжеттік-рөлдік ойындарды ересектер мен ата-аналардың қатысуымен көрсете отырып, жағдаятқа қарап қарым-қатынас жасай алатындықтарын, қарым-қатынасқа тез түсіп, өзінің ойын анық және дәйекті түрде жеткізетіндігін іс-әрекет барысында көрсете алды.
Технологияны қолдану барысында тәрбиеленушілер құрдастарымен рөлдік қарым-қатынасқа түсу, рөлдік диалог құру, ересектер мен ата-аналардың бақылауында болу қабілетін дамытты, ал ата-аналар жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамыту шарттарын, тәсілдерін, жолдарын ойын барысында қолдана отырып, бейімделуге көмектесті.
Педагог әрбір тәрбиеленушіні бақылай отырып, сөйлеу этикасының түрлеріне көңіл аударып, жаңа жағдайларға бейімделуге мүмкіндік берді. Ойын кезінде балалар үлкендермен және құрбыларымен әрекетте болды және қарым-қатынас құруды үйренді.
Өмір талабына сай педагогикалық технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу, әдіс тәсілдерді дұрыс таңдап, қолдана білу тәрбиешінің міндеті болып табылады және де жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ойынға деген қызығушылығын арттыруға ыңғайлы жағдай жасау негізгі мақсаттардың бірі екенін көрсетті.
Педагогикалық ойындар технологиясы негізінде педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны болып табылады. Ойын түріндегі жұмыстар қолайлы деген жағдайларда пайда болып, балаларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Проблемалы оқыту технологиясы да бүгінде кеңінен қолданылып жүр. Проблемалы оқыту – тәрбиешілердің басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және балалрдың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешуі болып табылады. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Сондықтан да бүгінде үшінші мегаполистегі балабақша қызметкерлері ұдайы біліктілік курстарынан өтіп отырады. Оның пайдасы ұшан теңіз екендігі белгілі. Бақшадағы балалардың дамып, жетілуіне қосар үлесі қомақты.