Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында мобильді топ құрылды

44

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі кәсіпкерлік саласын дамыту, оған қолдау көрсету және түрлі әкімшілік кедергілерді төмендетуге кешенді шаралар қабылдау болып табылады.

Өткен жылы Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында біршама нәтижелі жұмыстар атқарылып, үстіміздегі жылы бұл жұмыстар жалғасын табуда.

2023 жылдың өткен мерзімі ішінде бұл бағытта 3 талдау жүргізіліп, 4 прокурорлық акті енгізілген, оларды қарау нәтижесімен 2 тұлға тәртіптік және 1 луаазым иесі әкімшілік жауаптылыққа тартылған, 2 кәсіпкердің құқытары қорғалған.

Қазіргі таңда аудан прокуратурасымен 87 кәсіпкер заңсыз әкімшілік жуаптылыққа тартылғаны анықталып, оларды әкімшілік жауыптылыққа тарту туралы қауларды жою мақсатында наразылық енгізілген.

Сонымен қатар аудан прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы мобильді топ құрылған.

Үстіміздегі жылы мобильді топтың сенім телефондарына 4 рет кәсіпкерлер жүгініп, оның 2-не тиісті түсіндірмелер беріліп, 2 шағым бойынша уәждері өз дәлелін тауып кәсіпкерлердің құқығы қорғалды.

Демек, аудан аумағындағы барлық кәсіпкерлер кез келген құқықтарының бұзылу деректері бойынша аудан прокуратурасы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы араларында құрылған мобильді топқа жүгінуге мүмкіндігі бар.

Аудан аумағында бизнес субъектілерінде қалыптасқан проблемалық мәселелерді анықтап оларды жоюға тиісті шара көру мақсатында өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 4 мамыр күні аудан прокуратурасымен, Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалымен бірлесе кәсіпкерлік субъектілердің өкілдерін қатыстыра отырып, мәжіліс ұйымдастырылды және туындаған проблемалық мәселелер талқыланды.

Бұл бағытта жұмыстар бақылауға алынып, үнемі жалғасуда.