Қазақстан үкіметі нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Елде синтетикалық заттарды жасырын өндіру жағдайлары жиі анықталып жатыр.
Апиынды, оның ішінде Ауғанстаннан «Солтүстік бағыт» деп аталатын транзит арқылы тасымал, каннабис тобының есірткі заттарының айналымы, сондай-ақ «дәріхана» нашақорлығы өзекті проблемалар болып отыр. 2
025 жылға дейін есірткі тұтынушылардың санын азайту, есірткіге тәуелділіктен ұзақ мерзімді ремиссиясы бар кәмелетке толмағандар санын 15%-тен 20%-ке дейін арттыру, сондай-ақ есірткі тұтынушыларды 26%-тен 30%-ке дейін медициналық-әлеуметтік оңалтумен қамту жоспарланған.Кешенді жоспарда аталған шараларды жүзеге асыру үшін бюджет есебінен 53,1 млрд теңге бөлу қарастырылған.