Өндірістегі жазатайым оқиғалардан 69 жұмысшы мерт болған

80

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында өндірістегі жазатайым оқиғалардан 640 жұмыскер зардап шегіп, оның 69-ы көз жұмған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақат алу көрсеткіші 2022 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4%-ке төмендеген. Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 21,8 % және құрылыс саласында – 10,6%. Жазатайым оқиғаларға әкелген негізгі себептер: зардап шегушінің абайсыздығы, өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу.

Профилактика мен заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында еліміздің 3211 кәсіпорны қауіпсіздік пен еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.