Өрт сөндірушілердің киіміне 918 миллион теңге бөлінеді

30
өрт сөндірушілер міндетіне бірден кірісіп кетті

Орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлерін өртке қарсы киіммен қамтамасыз ету үшін үкімет резервінен 918 миллион теңге бөлінеді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Құжатқа сәйкес, үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге қаражат бөлінеді.
ОрманшыларБұл 30 табиғатты қорғау және 16 орман мекемесінің қызметкерлерін механикалық жарақаттанудан, гипотермияның, агрессивті сұйық құрамдардың, жоғары температураның әсерінен қорғауға, жұмысшыларды соққыдан сақтауға, сондай-ақ басқа механикалық әсерлерден қосымша қорғау үшін өртке қарсы киіммен жабдықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.