Президент Сарыағаштағы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды

112
фото КТК

Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды аяусыздықпен азаптап өлтірген. Жантүршігерлік жағдай бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті анықталды. Бұл жағдай бойынша мемлекет басшысына мәлімет берілді. Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз»- делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.