Сарыағашта жаңа медициналық орталық салынады

94

Сарыағашта перинаталды орталығы бар көпсалалы медкешеннің жобалық-смелық құжаттамасы әзірленуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бой көтеретін нысан республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Медициналық мекеменің ауданы 57 576 шаршы метр. Аурухананың жер телімі 10,5 гектарды құрайды. Онда перзентхана, көпсалалы аурухана, емхана және әкімшілік ғимарат орналасады. Сондай-ақ онда арнайы шақыртумен келген дәрігерлер үшін 50 орындық жатақхана салынады.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен отырыста нысанның инфрақұрылым мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, Түркістан облысына қарасты аудандарда 1 млн-ға жуық халық тұрады. Ал демографиялық өсімі жоғары аудандар қатарында Сарыағаш көш бастап тұр.
Сарыағаш ауданында көпсалалы кешен ашу Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарының халқына білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.