ШОБ: Бүгін бірқатар салықты төлеу мерзімі аяқталады

15
Салық мамандары рейдке шықты

Бүгін бірқатар салықты төлеу мерзімі аяқталады. Бұл әсіресе, шағын және орта бизнес иелеріне қатысты. Олар тауарды сатып алу және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленген салық есебін мерзімінен кешіктірмей өткізуге міндетті.

Сонымен бірге қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін төлеген ақы бойынша декларацияны да тапсыруға тиіс. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген тауарларға төленетін қосымша құн салығын да кешіктірмей төлеуі қажет. Орман шаруашылығын пайдалағандар үшін де салық төлемінің мерзімі аяқталады.