Бүгінде Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданындағы Бозарық саяжайының бірқатар көшесіне асфальт төселуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қалқаман, Мамыр, Құдірет көшелеріндегі асфальттеу жұмыстарын пысықтады. Асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 3 шақырымды құрайды.
Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 11,4 шақырымды құрайтын 17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Асфальттеу жұмыстары Егемен Қазақстан, ПК Асар, Наркеткен, Саяжай, Алмасқылыш, Балқадиша, Айқаракөз, Өскен өнір, Ерлік тау, Көрімдік, Сұлутау, Буғынай. Шидерті, Арғанаты, Бурма көшелерінде атқарылады. М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылысты өндірістік кестеге сай жүргізіп, сапасыздықты алдын алу бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Көшелерді жол қозғалысына қолайлы етіп, қауіпсізді қамтамасыз етуді ескертті.
Биыл жалпы қаладағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 243 нысан яғни, 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, Алтынтөбе тұрғын алабында жол мәселесі келесі жылы толық шешімін табатын болады. Шымкентте асфальтсыз көше болмайды.
Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабының даму жоспарына сәйкес Сатқанбаев және Ырсымбетов көшелерінде оршата жөндеу жұмыстары басталды. Қала әкімі М.Әйтенов нысандарда болып, құрылыс қарқынын тексерді.
Жобаға сәйкес асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 1,4 шақырымды құрайды. М. Дүйсенбекұлы жұмыстарды сапалы жүргізіп, өндірістік кестеге сай шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Жалпы, қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытып жақсы және қанағаттанарлық жағдайын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға іс-шара жоспары бекітілген. Бұл жұмыстар аталған жоспар аясында іске асырылуда.
Аталған аумақтағы 11 көшенің 6-ы асфальттелген болса, 5-не шағал тас төселген. Келесі жылы елдімекендегі Жастар, Бердібай, Өтебаев көшелерін асфальттеу жоспарлануда. Осылайша 2024 жылы тұрғын алаптың жол мәселесі түбегейлі шешімін табатын болады.
Бас жоспарға сәйкес, қала орталығынан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне басымдық берілген.