Шымкентте қызметтік иттің көмегімен жоғалған 10 жасар бала табылды

55
фото Сыр бойы

30 шілде күндізгі сағат 11:30 шамасында Қаратау АПБ-ның 102 арнасына жергілікті тұрғын хабарласты. Ол кәмелет жасына толмаған баласын жоғалтып алғанын айтып, тәртіп сақшыларынан көмек сұрады.

Анасының сөзінше, жасөспірім отбасылық мәселелерге байланысты белгісіз бағытқа қашып кеткен. Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, келіншек полициядан көмек сұрады.
Шақырту бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды.Тәртіп сақшылары бала өміріне төнуі мүмкін қауіп-қатерді ескере отырып, шұғыл әрі жан-жақты іздестіруге кірісті.
Нәтижесінде, полицейлер қызметтік иттің көмегімен 10 жасар баланы 1 сағат ішінде қоғамдық аялдаманың артында жасырынып отырған жерінен тапты. Үйінің тұңғышы анасына аман-есен табысталды. Перзентінің өмірі үшін алаңдаған келіншек, тәртіп сақшыларына өз алғысын білдірді.
Шымкент полициясы, ата-аналарға балаларына мұқият болуды ескертеді. Оларға көп көңіл бөліп, мейірімдерін аямауға шақырады.