Шымкентте тамақ өнеркәсібімен айналысатын индустриялық аймағының құрылысы жүргізілуде

34

Бүгінде Қайнарбұлақ тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов 132,9 гектарды алып жатқан индустриялық аймақта атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалады.

Алдағы уақытта бұл жерде тамақ өндірумен айналысатын құны 73,9 млрд теңгені құрайтын 30 жоба іске асырылады. Сонымен қатар 1000-нан астам адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы, құрылысқа жауаптыларға ең алдымен сапаны бірінші орынға қойып, болашақ кәсіпкерлік нысандарға барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды.