Шымкентте терезеден құлап кеткен бүлдіршін көз жұмды

93

24 шілде күні түскі сағат 15:15 шамасында Әл-Фараби ауданында үш қабатты үйдің 2-қабатынан 2016 жылы туылған ер бала құлап кеткен. Ата-ана қаруынсыз қалған бала медициналық көмек келгенше көз жұмған.

Анасының сөзінше, ол шомылу бөлмесінде жүрген кезде бала 2-қабаттың балконында болған. Айта кетейік, бұл биыл тіркелген төртінші құлау фактісі. Оның екеуінде балалар жарақат алса, екі жағдайда қайтыс болған.

«Жалпы өткен жылмен салыстырғанда 2022 жылдың осындай кезеңінде 3 жағдай тіркелген болатын. Біздің есеп бойынша былтыр 12 айда 7 факт орын алған. Оның жетеуі де баланың жарақат алуымен аяқталған. Биыл өкінішке орай, 2 жазатайым жағдай болып отыр»,-Шымкент қаласы ТЖД ескерту бөлімінің бастығы Ирисмат Махмудов.

Осы жағдайларға байланысты Төтенше жағдайлар депаратментінің мамандары ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауын сұрайды. Сондай-ақ, терезе тұсынан қандай да бір жиһаздарды алып тастауды, терезелерді бірнеше сантиметрге ашуға мүмкіндік беретін арнайы құлыптармен жабдықтауды, темір тор орнатуды ұсынады.