Шымкентте жаңа Jас дилерлік орталығы мен Bosh автосервисі ашылды

20

Шымкентте жаңа JAC дилерлік орталығы мен Bosh автосервисі ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына орай тұтынушыларға жағымды бонустар беріліп жатыр. Мысалы мұнда JAC J7-ні 1 млн. 600 мың теңгеге дейін жеңілдікпен сатып алуға болады.

Сонымен қатар, 200 мың теңгеге жуық қосымша автокөлік жабдықтары тегін беріледі. Жаңа заманауи көліктерді сатып алып, тегін сапалы диагностикадан қалай өтуге болады?

Ұйымдастырушылар бұл шараға ерекше дайындалған. Себебі мерекелік кеш ойдағыдай өтуі үшін ұсақ-түйекке дейін ойластырылғаны көрініп-ақ тұр.

Білдей екі жоба JAC бренді мен Бош автосервисінің ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиын жанды музыкамен әрленіп, жүлделі ойындар ойнатылды.

Бош компаниясы тұрмыстық техникадан бөлек, сапалы автокөлік бөлшектерін шығарумен айналысады. Сондай-ақ, көліктерге жоғары деңгейде қызмет көрсетеді,.

Олег Тигай,  Bosch-автосервисінің басшысы: «Біз осы өңірдегі Бош компаниясының ресми өкіліміз. Тұтынушыларға сертификатталған автосервис ретінде қызмет көрсетеміз. Сертификатты тікелей Германиядан, Бош компаниясының тікелей өзінен алдық».

Сканерлі лицензияланған бағдарламалық құрал көліктің тарихын мұқият зерттеуге көмектеседі. Яғни аквтокөлік жайында блоктан өшірілген мәліметтерді де білуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда қызмет орталығының ашылуына байланысты барлық автокөлік иемденушілеріне жеңілдіктер қарастырылған.

Олег Тигай,  Bosch-автосервисінің басшысы: «Біз тегін компьютерлік диагностика акциясын жарияладық. Яғни, әр дүйсенбі сағат таңғы 9 дан кешкі жетіге дейін аталған процедура алдын ала жазылу бойынша ақысыз жүргізіледі».

Сүлейман Әлиев 3 ай бұрын су жаңа автокөлікті сатып алған. Көлік тізгіндеуші осы уақытқа дейін 5 мың шақырым жол жүріп үлгерген. Оның айтуынша, 90 күннің ішінде көлікте ешқандай ақау байқалмаған. Десек те тегін диагностикаға жазылу артық етпейді дейді көлік жүргізуші.

Сулейман Әлиев,  көлік иесі: «Бізде осындай автосалон ашылғанына өте қуаныштымын. Қытайда жасалған, өте ыңғайлы. Өзімде де кроссовер бар, пайдалануға өте ыңғайлы көліктер».

Жаңа JAC көліктерінің бағасы 7 млн. 900 мың теңгеден басталады. Кей түрлерін жеңілдікпен сатып алуға болады. Қосымша жабдықтарына да 200 мың теңгеге дейін жеңілдік қарастырылған.

Даулет Қалмұрзаев, сату бөлімінің бас менеджері: «Қазір бізде керемет жеңілдіктер жүріп жатыр. 1 млн. 600 мың теңгеге дейін. j7 көлігінің толық жиынтығы 9 490 000, 9 500 000 тг тұрады. Біздің орталықтан қалаған түс пен жиынтықта ала аласыз. Сіздерді күтеміз».

Автосалонда JAC көлігінің бірнеше түрлері, атап айтсақ, кроссовер S3 pro, JS4, JS6; Пикап Т6, кроссовер J7 сатылымда бар.


+7 708 900 90 90
Instagram: @jac.bmmotors


+7 707 300 50 50
Instagram: @bosch_shymkent

Мекен-жайы: Рыскұлов к., 1/11