Шымкентте жолдарды жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше уақытша жабылды. Алдағы уақытта тағы бір көшеде қозғалысқа шектеу қойылады.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жол құрылысына байланысты жабылған көшелер:
- АДЫРБЕКОВ көшесі (Жандосов – Жібек жол аралығы)
- ТӘУЕЛСІЗДІК көшесі (Ерманов – Рашидов аралығы)
- ӘЙТЕКЕ БИ даңғылы (Жаңалық – Назарбеков қиылысы аралығы)
- ИНТЕРНАЦИОНАЛЬНАЯ көшесі (Комсомольская – Құрманбеков аралығы) — КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ
Жартылай жабық көшелер:
- ЖИДЕЛІБАЙСЫН көшесі (Бекжан, Алаш базар маңы) — ЖЕРАСТЫ ӨТКЕЛ ҚҰРЫЛЫСЫ
- ТЕМІРЛАН тас жолы (Алаш базар маңы) — ЖЕРАСТЫ ӨТКЕЛ ҚҰРЫЛЫСЫ
Алдағы уақытта жабылатын көше:
- Б.САТТАРХАНОВ көшесі (Бозарық – Мөлдір аралығы) – 1 тамызда жабылады.
Жақында ашылатын көшелер:
- АДЫРБЕКОВ көшесі 20 тамызда ашылады (Жібек жолы – Маметова аралығы)
- Б.САТТАРХАНОВ көшесі 1 қыркүйекте ашылады (Бозарық – Мөлдір аралығы)
- ЖИДЕЛІБАЙСЫН көшесі 15 қыркүйекте ашылады (Алаш базар маңы)
- ТЕМІРЛАН тас жолы 15 қыркүйекте ашылады (Алаш базар маңы)
- АДЫРБЕКОВ көшесі 20 қыркүйекте ашылады (Маметова – Жандосов аралығы)
- ЖИДЕЛІБАЙСЫН көшесі 30 қыркүйекте ашылады ( Бекжан базар маңы)
- ИНТЕРНАЦИОНАЛЬНАЯ көшесі 1 қазанда ашылады (Комсомольская – Құрманбеков аралығы)
- БӘЙДІБЕК БИ даңғылы 1 қарашада ашылады (Жаңалық – Назарбеков қиылысы аралығы)