Үкімет басшысы алдағы жылыту маусымында бірде-бір апатқа жол берілмеуі тиіс деді. Жылу жүйелері, қазандықтар сыр берген өңірлердегі жұмыстар жоспар аясында, жүйелі түрде жүруі керек. Кері жағдайда, кәсіпорын басшысының ғана емес, сала министрлері мен әкімдердің жауапкершілігі жоғары деңгейде қаралатын болады.
Үкімет отырысында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды. Онда ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев баяндама жасады. Қазандықтары, жүйелері тозығы жеткен жылуэнергорталықтары жаңғыртудан өткізу үшін қомақты қаражат керек. Ол мәселе тек инвестиция тарту арқылы шешілмек ,-дейді жауаптылар
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі: «Жылдың екінші жартысы, шілдеден бастап суға, жылуға және табиғи газға тариф 10-30 пайыз аралығында өседі. Әлеуметтік осал топтарға өтемақы төленеді. Олардың тізімі жергілікті әкімдіктерде дайындалады»
Әлихан Смайылов қазір орталық және жергілікті атқарушы органдар коммуналдық секторда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сол себепті бірде-бір өңірде жылыту маусымында апаттарға жол бермеуі тиіс. Әсіресе, бұл құрылыс маусымы қысқа және жылыту маусымы ерте басталатын солтүстік облыстар үшін өзекті.
Бақылауды автоматты түрде цифрландыру арқылы қадағалауды тапсырамын.
Екібастұз жылусыз қалмайды! 10 жылда алғаш рет Екібастұздағы 690 үйдің 570-і алдағы жылыту маусымына дайын екені туралы акт алды», -Павлодар облысының әкімі осылай деп мәлімдеді. Жалпы облыста 5 жылу станциясы мен 400 қазандық бар. Олардың барлығына қазір тиісті жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен жұмыс қаншалықты сапалы жүргізілді, оны алдағы қыс айқындайды.