Түркістандық кәсіпкерлер мен мамандар Қытай еліне іс-сапары барысында бірнеше келіссөзге қол жеткізді. Атап айтқанда аймаққа шетелдік кәсіпкерлер тамшылатып суғару, мал сүйегі мен терісін терең өңдеу, тоқыма өнеркәсібіне инвестиция салуға ниет білдірді. Ал жергілікті бизнесмендер өз кәсібін жандандыру жолдарын үйреніп қайтты.
Түркістандық бірнеше кәсіпкер Қытай еліне іс-сарапмен барып, өндіріс саласымен таныс болды. Соның бірі — әскери аяқ киім тігумен айналысатын кәсіпкер Бақтыкерей Омар. Ол кездесу барысында бірнеше компанияларды аралап, мол тәжірибе жинап келгенін айтады.
«Қытайда 8 кәсіпорынды аралап көрдік. Онда оқушылар партасы, театр орындықтарын қалай жасайтынын көріп қайттық. Жақсы тәжірибе алаңы болды. Енді өзіміз де сол үйреніп келгенімізді жүзеге асырамыз деп ойлаймын»,-деді «Шебер» мүгедектер қоғамының директоры Бақтыкерей Омар.
Ал тамыз айында ауыл шаруашылығы саласын бақылап, Түркістан облысының экономикалық мүмкіндігін саралауға қытайлық мамандар жұмыс сапарымен келеді. Олар өңірде мақта шаруашылығы, тамшылатып суғару, мал сүйегі мен терісін терең өңдеу, тоқыма өнеркәсібі, жиһаз жазау салаларына инвестиция салуға мүдделі.
«Қытайлық компаниялар инвестиция салуға ниеттеніп отыр. Олар тамыз айында іссапармен келеді. Қытайға сапарымыз барысында ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасын жинау, тоқыма саласы, шағын бизнеске арналған жабдықтардың өндірісі сияқты салалардағы компаниялармен келіссөздер жасалды»,-деді Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов.
Бұдан өзге мақтаралдық кәсіпкерлер Өзбекстан елімін байланыс орнатпақ. Сол арқылы гектарынан 70-80 центнерден мақта өнімін алу жоспарланған. Қазір бизнес иелері екіжақты келісім шарт жасасып жатыр. Ол үшін мамандар тарпынан пилоттық жоба әзірленуде.
«Тамшылатып суғару бойынша пилоттық жоба жүзеге асайын деп жатыр. Қазір жобаға 2 кәсіпкер қызығып отыр»,-деді Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов.
Жиында мамандардың баяндамасын тыңдаған өңір басшысы өзнің бірқатар ұсынысын жеткізді.
«Аудан көлемінде қалып қоймаңыздар. Жасаған өнімді шетелге шығаруға талпыныңыздар»,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Қытайда кәсіпкерлер 40-қа жуық компаниямен кездесулер өткізіп, келіссөзге қол жеткізді. Сонымен қатар олар 300-ге тарта өндірістік орынның жұмысын бақылап, тәжірибе жинап қайтты.