Ұдайы іс-шаралар ұйымдастырылып отырады

23

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданы әкімдігіне қарасты кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі жанынан жұмысшы топ құрылған болатын. Аталған топ мүшелерінің  ұйымдастыруымен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция учаскелік инспекторларымен бірлесе аудан аумағында заңсыз жер қойнауын өз бетінше пайдалану деректерін анықтау және болдырмау үшін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Көшеровпен бекітілген «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларымен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» алгоритміне сәйкес Қазығұрт ауылы округіне рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Негізінде аумақтағы шағал тас, құм, топырақты тұрғындардан бөлек жеке кәсіпкерлер де тасып әкетуде. Тиісті бөлім осындай заңсыздықтарды болдырмау үшін ұдайы іс-шаралар ұйымдастырып отырады.
Нәтижесінде барлық ауыр жүк тасымалдайтын Камаз, Зил, Хово көлік иелеріне яғни,  заңсыз жер қойнауын (шағал, құм, топырақ) өз бетінше пайдалануды болдырмау үшін және заңсыз деректер анықталған жағдайда заң аясында айыппұл салынатындығын және тиісті қылмыстық жауапкершілік іс-шаралар қабылданатынын жөнінде ескертілді.
Бүгінгі таңға, барлық ауыл округтерде құрылған мобильді топтарға заңсыздықпен күресу бойынша облыс әкімдігімен бекітілген алгоритм ұсынылып, тиісті жұмыстар күнделікті қадағалануда.