Үшінші мегаполисте «Ұлттық жоба» аясында жаңа мектептер салынады

48

Шымкентте халық көп шоғырланған шағынаудандарда жаңа 25 мектеп бой көтереді. «Достық» пен «Нұршуақ» шағынаудандарына 2 мың орындық білім ордасы салынады. Бұл құрылыс жұмыстары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Мадияр Байымбетов,  Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы: «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика көлемінде жайлы мектеп жобасын іске асыру бойынша тапсырма берілген. Осы бағытта өткен жылы үкіметтің қаулысы қабылданды. Шымкент қаласы бойынша бүгінде 18 мектептің жобасы қарастырлған. 28 мың орынға арналған. Осы жылы 12 мектептің құрылысын бастап, келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінгі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. 12 мектептің 8 -і бойынша келісімшарттар әзірленіп, бүгінде 6 мектепте құрылыс жұмыстары бастау алды».

Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жер телімдері белгіленген. Айта кететін жайт, бұл ұлттық жоба негізінде қалада 25 мектеп, ал республика бойынша 369 жалпы білім беру мекемелері салынады.