Зейнетақы активтерін жеке компанияларға аударып, табыс табуға болады

19

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының 50%-ін өз таңдауымен жеке инвестициялық компанияларға аударып, табыс таба алады. Жоба бүгін, яғни  1-ші шілдеден бастап жүзеге асырылады. Осылайша азаматтар зейнетақы активтерін басқаруға қатысады.

Салымшы жеке басқарушы компанияға аударған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дағы шотына қайтаруға құқығы бар. Ескере кететін жәйт, мемлекет Ұлттық банк басқаратын, яғни БЖЗҚ-дағы жинақтардың сақталуына ғана кепілдік береді. Инвестициялық компанияға берілген зейнетақы жинағына сол компания ғана жауапты болады.