Жер қатынастары саласын цифрландыру жобасы 1 айға шегерілді. Осыған орай Шымкентте Парламент Мәжілісінің депутаты Болатбек Нәжіметдинұлы мен кәсіпкерлер және мемлекеттік орган басшыларының онлайн кездесуі өтті. Шара барысында жер қатынастары саласында көпшілікті толғандырған бірқатар мәселе талқыланды.
1 шілдеден бастап еліміздің 88 қаласында сатылымға жатпайтын жер учаскелері «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы беріледі. Бірыңғай деректер базасы кез келген жер телімін сатып алуға мүмкіндік береді. Дей тұрғанмен әлі база жасақталмаған. Ал жобаны 31 шілдеге дейін бітіру жоспарланған.
Әсет Тұрысов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі: «Электронды есеп бойынша кім сапалы жұмыс жүргізіп, кім жүргізбейтіні бірден белгілі болады. Бізде интеграциялық жүйе қалыптасады. Тұрғындар бұл істің дұрыс орындалмағанын көрген шығар. Бұл жергілікті атқарушы органдардың құзырына кіретін іс. Енді қолға алынған соң қателіктер бар, шағым айтатындар да табылады. Себебі бұл еңді ғана құрылып жатыр»
Алайда Цифрлық даму министрлігінің ұсынысы кей депутатардың көңілінен шықпаған. Болатбек Нәжіметдинұлы халық толық үйренгенше жер қатынастары саласын цифрландыруды кейінге қалдыра тұру керек деген пікірде. Айтуынша жер учаскесін беру схемасы, мемлекеттік актінің орнына жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспортын құру, жылжымайтын мүлікке бірыңғай құжат ретінде техникалық төлқұжат жасау көп уақыт талап ететін процесс.
Болатбек Нәжіметдинұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты: «Қазірге дейінгі 3 база жұмыс істемеген. Жергіілкті жерге олқылық көп. Асығыстық танытып 1 тамыздан мұны іске қосқанмен ары қарай жұмыс істеуіне күмән бар. Бәрін электронды базаға, цифрлі жүйеге өтіп кетсек, оның бәрі тоқтап қалады ау деген күмән бар»
Мәжілісменнің айтуынша, жер қатынастары бойынша күніне екі жүзден көп жер телімін алуға өтініштер келіп түседі. Мұндай ағынға жаңа база төтеп берме алмайтынын айтады. Сондықтан Болатбек Нәжіметдинұлы үкіметте жер қатынастарын цифрландыруды кейінге қалдыра тұруды ұсынбақ.