59 ірі жоба жүзеге асырылатын болады

37

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі артып келеді. Кәсіпкерлік саласында да ілгерілеушілік бар. Кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімінің көлемі І жарты жылдықтың қорытындысымен – 6,1 миллиард теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,3%-ға орындалды. Бүгінгі таңда ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 14 2883 бірлікті құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 139,6%-ға көбейіп отыр. Кәсіпкерлік саласының дамуы көптеген салаға драйвер болатыны сөзсіз. Мәселен, жұмыссыздықты жоюға септігі зор. Жеке кәсіпкерлер қатары артқанына байланысты ауданда 20012 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкерлік саласында өндірілген өнім көлемі – 34,2 млрд. теңгеге жетті.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5 айдың қорытындысымен – 3,8 млрд. теңгені құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жарты жылдық қорытындысымен – 14,3 млрд.теңгені құрады. Жалпы бюджеттік емес жеке инвестиция 13,0 млрд.теңге құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8 млрд. теңгеге артты.

Сонымен қатар, 2023 жылға негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жылдық жоспары — 31,5 млрд. теңге болып бекітілді.

Бүгінгі таңға, жоспарды орындау мақсатында барлық ауыл округтер бойынша жаңадан ашылатын инвестициялық жобалардың тізімі жинақталуда сондай-ақ, ауданға инвесторларды іздестіріп, тарту жұмыстары жүргізілуде.

Ол үшін ауданымыздағы өндіріс орындарын көбейту үшін «Қазығұрт» индустриялдық аймағына инвесторлар тартып жаңа жұмыс орындарын ашуды қажет етеді. Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында «Қазығұрт» индустриялдық аймағы (35 га) құрылып, кәсіпкерлерге мүмкіншілік жасалды. Яғни, индустриялдық аймақтағы инфрақұрылым жүйелерінің қуатын ұлғайту арқылы қосымша кәсіпорындар, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болатын.

Сонымен қатар, Қақпақ ауылы округіне қарасты Заңғар елді мекенінде орналасқан «Ынтымақ» СТКнің жалпы құны 700 млн. теңгелік 1,3 МВт/сағ. кіші су электр станция жобасы іске қосылу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңға жер учаскелері тегістеліп, ғимараттың құрылысы аяқталып, Чехия мемлекетінен қондырғылар жеткізіліп, кәсіпорын іске қосылды.

Мемлекеттік бағдарламалардың қолдау құралдары арқылы аудандағы шағын және орта бизнестің дамуына және жаңадан ісін бастаған кәсіпкерлерге бірінші кезекте жеңілдетілген несие қажет.

Бұл бағытта, ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасының пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында яғни, халықтың табысын арттыруға  бағытталған бағдарлама болып табылады.

Аталған пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында скринингтік  жұмыстарының нәтижесімен  Шарбұлақ және Шанақ ауыл округтері жобаға қатысушы ретінде таңдалды. Жобаның мақсаты мен жүзеге асыру барысында тұрғындарға түсіндіру мақсатында жауапты мекеме өкілдерінің қатысуымен 12 – рет кездесу өткізілді (Шарбұлақ а/о – 7 рет, Шанақ а/о – 5 рет).

Нәтижесінде  2 – ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі        (Шарбұлақ а/о – «Бәкір-Агро», басшысы Күмісбеков Қайрат Бакирұлы, Шанақ а/о – «AS қожалығы», басшысы Әбдібай Саян Зиядинханұлы) құрылып, несие алуға ниетті азаматтар осы кооперативтерге біріктірілуде. Бүгінгі таңға, бағдарлама аясында 75 өтінім (456,1 млн.тг.) қабылданды (Шанақ – 26 өтінім, 134,5 млн.тг., Шарбұлақ – 49 өтінім, 321,5 млн.тг.). Жобалар бойынша 53 жоба (254,1 млн.тг.) мақұлданды (Шанақ – 20 жоба, 83,6 млн.тг., Шарбұлақ – 33 жоба, 170,5 млн.тг.).  Қаржыландырылған жобалар саны – 25 (115,5 млн.тг.). Шанақ ауылы бойынша 4 жоба (13,5 млн.тг.). Шарбұлақ ауылы бойынша 21 жоба (102,0 млн.тг.). 

Жалпы қаржы ұйымдары арқылы 2022 жылдың қорытындысымен 324 тұлға 2120,0 млн. теңгеге несиелендірілді.

М.Жолдасов, Түркістан облысы Қазығұрт аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы: «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және   50 жастан асқан адамдарға «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өз бизнесін құруға мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысып, қорытындысымен 1 азамат грантқа қол жеткізді. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің рөлін күшейтіп, оның ел экономикасындағы үлесін  2025 жылға қарай 35 пайызға дейін жеткізу міндетін қойған болатын.  Бұл бағытта «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бастау алған. Бүгінгі күнге, жалпы құны 40,0 млн. теңге көлемінде кәсіпкерлік бағытындағы 1 жобаға несие берілді. Қажетті несиемен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табатын болады. 2023 жылы жалпы құны 4,1 млрд. теңгелік, 300 ге жуық жұмыс орнын құрайтын 59 ірі және орта жобалар іске асырылатын болады».