Бүгінде қалада жеке инвесторлар жаңа жолаушылар терминалының құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 120-150 адам тартылған. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс барысын пысықтады. Қазіргі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелері монтаждалып, желдеткіш жүйелері орнатылуда.
Сонымен қатар богаждық жүйенің құрылғылары мен лифтілер, эскалаторлар орнатылып, инженерлік желілер құрылуда. Жалпы жобаның орындалуы қазір 85% ға жетті.
Әкімдік тарапынан инвесторды қолдау мақсатында әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру, жаңа терминалға апаратын кірме жол салу және жолаушылар терминалына инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін сағатына 2 мың адамға артады.
Жаңа терминалдың жалпы ауданы 35 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, жобада озық талаптарға сәйкес 4 галерея қарастырылған. Өндірістік кестеге сәйкес жаңа терминал биыл қолданысқа беріледі.
М.Дүйсенбекұлы туындаған өзекті мәселелер бойынша дер кезінде хабарлап, шешімін бірлесе қарастыруды тапсырды. Жұмыстарды өндірістік кестеге сай атқарып, перронның құрылысын тез арада бастау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.