Әл-Фараби ауданында 9 мың адамның мүлік салығынан берешегі- 32 миллион

29
Б.Саттарханов көшесіндегі үйлер газға қосылды

Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ағымдағы жылдың 1 қазанында жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелеріне 2022 жылға есептелген мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын ескертеді. Мүлік салығын 2021 жылдан бері төлемеген 9 мың азаматтың берешегі 32 миллион. Міндетті төлемдерді мерзімінде төлемеген жағдайда салық төлеушінің есеп шоттары бұғатталады,- дейді сала мамандары.

Әл-Фараби ауданында жалпы 187 203 жеке тұлға, 25 204 жеке кәсіпкер, 9136 заңды тұлға тіркелген. Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу, салық салу объектісіне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласының филиалымен айқындалған құнға байланысты Салық кодексіндегі шкалаға сәйкес жүргізіледі.

Жұман Шерхан, Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:»Әл-Фараби ауданы бойынша 66 317 салық салу объектілері бойынша 2022 жылға есептелген жалпы мүлік салығы 358 млн теңгені құрады. Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар ағымдағы жылдың шілде айында меншік иелеріне «Каспий банк» мобильді қосымшасын пайдаланушыларына PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді.Есептелген салық туралы ақпараттарды МКК-нің «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы жеке тұлғалардың алдағы төлемдерді төлеу қызметі сервисі арқылы білуге болады».

Есептелген салықтарды уақытылы төлемеген жағдайда, кешіктірілген әрбір күнге өсімпұл жүретін болатынын мамандар ескертеді.

Жұман Шерхан, Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:»2021 жылға мүлік салығынан 9 044 салық төлеушінің 32 млн берешек қарызы бар. Көлік салығынан 4 937 салық төлеушінің 330 млн теңге қарызы бар. Міндетті салық төлемдерін уақытылы төлемеген жағдайда, кешіктірілген әрбір күнге өсімпұл есептеледі. Ағымдағы жылдың 2 қазанынан бастап жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар борышкерлерге жолданатын болады.Бір айлық есептік көрсеткіштен астам берешек сомалары бойынша хабарлама табыс етілген соң 30 жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі. Бұл салық бұйрығы 5 жұмыс күні өткеннен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін беріледі».

Сонымен қатар, 40 АЕК-тен жоғары берешек болған жағдайда азаматқа Қазақстаннан кетуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салу және шығуға шектеу қоюдан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, салық берешегі сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша төлемді өндіріп алады. Осылайша, артық шығындар мен келеңсіз жайларды болдырмау үшін мүлік салығын уақытылы төлеуге шақырамыз,- дейді басқармадағылар.