Бағдарламаның орындалу барысы тұрақты бақылауда

32

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жобаға қатысуға ниеттілердің қарасы қалың. Қазығұрт ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 4 ауылдық округінің тұрғындары қатысуда яғни Шарбұлақ, Шанақ, Қызылқия және Қақпақ ауылдық округтері.

Бүгінгі таңда 4 ауылдық округтен жалпы 930,2 миллион теңгені құрайтын 149 өтінім қабылданған. Оның ішінде Шарбұлақ ауылдық округінен 50, Шанақ 31, Қақпақ 24, Қызылқиядан – 44 өтінім.

Оның ішінде «Ырыс» микро қаржы ұйымы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы 647,8 миллион теңгені құрайтын 118 жоба мақұлданып, оның ішінде Шарбұлақ 44 жоба, 253,0 миллион теңге, Шанақ 25 жоба, 113,8 миллион теңге, Қызылқия 34 жоба, 196,0 миллион теңге, Қақпақ 15 жоба, 85,0 миллион теңге, 196,0 миллион теңгеге 39 жобасы қаржыландырылды Шарбұлақ 33 жоба, 174,0 миллион теңге, Шанақ 6 жоба, 22,0 миллион теңге. Жобаның қаржыландыру бағытын жандандыру мақсатында, 10.08.2023ж. жағдай бойынша 21 жоба, 93,0 миллион теңгеге келісімшарт тіркелуге жіберілді.

Жобаның мақсаты мен жүзеге асыру барысы туралы ауыл округтің тұрғындарға түсіндіру мақсатында жауапты мекеме өкілдерінің қатысуымен 16 – рет кездесу өткізілді, оның ішінде Шарбұлақта – 7 рет, Шанақта – 5 рет, Қызылқияда – 2 рет, Қақпақта – 2 рет.

Осы орайда Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының

орынбасары Бекет Өсербаев: «Бүгінгі таңға, аталған ауылдық округтердің тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Жалпы бағдарламаның орындалуы барысы тұрақты бақылауда» екендігін айтты.