7 млн теңгеге кроссовер. Таяуда ғана сатылымға шыққан жаңа Chery Tiggo 2 моделі, бүкіл Қазақстандық көлік сүйер қауымға қуаныш сыйлады. Олардың қатарында шымкенттіктер де бар. Қала халқы ерекше модельді кроссоверді асыға күтіп, сатып алуда.
Қолжетімді бағадағы керемет автокөлік бүгінде кез келген қазақстандық үшін тек арман ғана емес. Мәселен қазір ерекше дизайнда жасалған, сапалы және заманауи технологиялармен жабдықталған ерекше автоның құны бар жоғы 7 млн 100 мың теңге. Бренд өкілдерінің сөзінше, бұл модель сөзсіз бестселлер болмақ.
Алмаз Рахымбердиев, Astana Motors Shymkent компаниясының жаңа автокөлік сату департаменті директоры: «Қазақстан нарығына Черри 2021 жылы келді. Осы уақытта сатылымға TIGGO -ның 5 моделі шықты. Барлық түрі сәнді әрі сапалы болғандықтан, өз сату кезеңінде жоғары сұраныста болды. Премьераға дейін TIGGO 7 PRO лидер болатын. Қазір енді оған қарағанда Tiggo 2 -нің сатылымы өте жоғары болайын деп тұр».
Сенім ақталды. Бұл дегеніміз бренд қазақстандықтардың қөңілінен шығып, сату есебінде Chery 4 орынға шықты. Бренд өкілдері мұндай деңгейге жетудің себебін, компанияның нарыққа «WITH CHERY WITH LOVE» философиясымен шығуында деп түсіндіреді.
Алмаз Рахымбердиев, Astana Motors Shymkent компаниясының жаңа автокөлік сату департаменті директоры: «Бізде клиенттермен жұмыс істеудің стандарттары бар: сыпайылық, ерекше зейін мен әр клиентпен жеке жұмыс істеу. Сонымен қатар, CHERY компаниясы тұтынушыларына сату кезінде және тауарды сатудан соң да тығыз байланыста болады. Мұндағы негізгі мақсат — CHERY көлік жүргізушілерінің қоғамын құру».
Түрлі байқаулар, дәмді тағамдар мен қызықты компания. Chery көлік иелерімен форматтан тыс кездесулерді жиі ұйымдастырып тұрады. Олар әрбір көлік иелерімен көңілді кеш те өткізеді. Бүгінгі кеш те CHERY TIGGO 4 PRO тізгіндеушілеріне арналған.
Осыдан 3 ай бұрын Бауыржан Досжанов жұбайының туған күніне су жаңа Черри тигго 4 проны сыйға тартқан. Ол көлік таңдауда оның сапасы мен дизайны, қалтаға қонымды бағасына мән берген.
Бауыржан Досжанов, Шымкент қаласының тұрғыны: «3 ай бұрын CHERY компаниясынан машина алдық. Жұбайымның туған күніне автокөлік сыйладым. Көліктің сапасы керемет. Бағасы да қолжетімді. Тауға, қырлы жолдарда, түрлі ауа-райында бізге жақсы қызмет етіп келеді. Көлік таңдайтын уақытта бірнеше автоорталықтарға бардым. Ең ұнағаны осы бренд көліктері,. Сондықтан бәріне осы CHERY-ден авто сатып алуға кеңес беремін».
Алмаз Рахымбердиев, Astana Motors Shymkent компаниясының жаңа автокөлік сату департаменті директоры: «Біздің тұтынушыларымыз тек Шымкенттің халқымен шектелмейді, Түркістан облысынан да бар. Біз үшін әр тұтынушы маңызды, және оның пікірі ерекше қымбат. Сондықтан біз көлік иелеріне тест драйвтан өтіп, өз тұлпарын таңдауға мүмкіндік береміз».
Автокөлікпен жақынырақ танысқыңыз келсе, Шымкент қаласы Алпысбаев 125/1 көшесінде орналасқан CHERY SHYMKENT автосалонына келіңіз.