Диқаншыларға былтыр 40 млрд теңге қаржы бөлінді

44

Қазақстандық фермерлер жеңілдетілген лизингке қаражат бөлуді сұрайды. Диқаншылар былтыр осы бағдарламалар арқылы мыңнан астам техника сатып алған болса, биыл мұндай мүмкіндік жоқ дейді. Себебі мемлекеттік қаржыландыру көлемі 40 пайызға қысқарған. Ал дәл қазіргі уақытта ауыл шаруашылығына қажетті техникалардың 80-ының тозығы жеткен.

Серік Сұлтанов біршама жылдардан бері өзінің егіс алқабында 27 жылдық тракторымен жер жыртып келеді. Шаруасына қажетті көліктің қазіргі құны 12-14 млн, оны сатып алу үшін 30 пайыздық бастапқы жарнасын төлеу қажет дейді ол. Бұл қарапайым диқаншы үшін өте тиімсіз. Сондықтан да қазіргі уақытта ол ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуды тек армандауға болады дейді.

Серік Сұлтанов, шаруа қожалығының басшысы
«Жаңа 12-14 млн тұратын тракторды алу үшін бірінші 30 пайыздық жарнасын төлеу қажет. Кейіннен оның үстіне 23 пайыз қосылады».

Диқаншылар қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, отандық кәсіпкерлерге жеңілдетілген лизинг аса қажет. Негізі елімізде шаруашылық техникалары жылдық 6 пайызбен беріліп, алғашқы жылы несиелік демалыс та қарастырылған. Былтыр осы бағытта 40 млрд теңге бөлініп, утильсборға және бағдарлама операторларына берілген. Ал биылғы қаржы көлемі 1,5 млрд-тан асады.

Ақпар Мәуленов,  Қазақстан фермерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары
«Жыл сайын бұл 3-4 пайызға өзгеріп тұрады, нормативке сай 10-15 пайызға көбейту қажет. Техниканы жаңарту арқылы егінді талапқа сай қажетті тереңдікте, уақытылы себуге болады. Техника көп нәрсені шешеді. Өйткені олар өте тиімді болып келеді».

Былтыр шаруалар 1000-нан аса техника сатып алуға мүмкіндігі болса, биыл тек ондаған түріне қол жеткізеді. Ал қазіргі уақытта Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығы техникаларының 80 пайызы ескірген. Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған мәселелер бойынша үкіметтен тракторлар мен комбайндар алуға қаржы бөлуді сұраған.

Айхан Сұлтан,  ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары

«Қазіргі уақытта ҚазАгроҚаржымен бірлесіп 30 миллиард теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлу мәселесі пысықталуда. Бұл жұмыстар Бәйтерек арқылы жүзеге аспақ, бүгінде қажетті құжаттар дайындық үстінде.

Министрліктер бұл қаражаттар жақын айларда бөлінеді деп сенеді. Айта кетейік, егін алқабының сапалы болуына аталған жаңа техникалардың көмегі зор.