Екі елдің азаматтығы бар шетелдікке айыппұл салынды

35
фото Егемен.кз

Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзған. 2023 жылғы 16 тамыз 10:30 минут шамасында Кентау қаласының полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен С-ның құжаттарын тексеру барысында Ресей елінің азаматы С-ның жеке басында екі елдің азаматтығы бар екендігі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісі хабарланбағаны анықталған. Бұл туралы Кентау қалалық соты хабарлады.

Сот отырысында құқық бұзушы хаттамада көрсетілген мән-жайлармен келісетіні, Ресей Федерациясының азаматтығын 2021 жылы алғаны, алайда ол туралы құзырлы органдарға хабарлама беру керектігін білмегені және өзіне ешкім ол туралы айтпағаны, Қазақстан Республикасында ата-анасы тұратыны, өзі Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға әркет жасап жатқаны туралы түсініктеме берді.
Нәтижесінде С. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 496-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптың талабымен 483 000 (төрт жүз сексен үш мың) теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.