Бүгінде Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында кәсіпкерлікті дамыту мәселесі күн тәртібінде тұр. Ауданда мемлекет тарапынан қолға алынған жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілуде. Осыған орай, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның игілігін көріп отырғандардың қатары артып келеді.
Әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған бағдарламаларға иек арта бергенше өз бетінше кәсібін бастауға ниеттілердің қарасы артып отыр.
2023 жылға тұрын үй көмегіне аудандық бюджеттен барлығы 21165,0 мың теңге қаржы қаралған. Ағымдағы жылдың 6 айында 116 отбасындағы 668 аз қамтамасыз етілген адамға барлығы 8418,0 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, толығымен төленді.
2023 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 1084832,0 мың теңге қаржы қаралған. Ағымдағы жылдың 6 айында 1325 отбасындағы 8028 аз қамтамасыз етілген адамға барлығы 379064,5 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 1324 отбасындағы 8018 аз қамтамасыз етілген отбасыға 324923,8 мың теңге төленді.
2023 жылдың 6 айында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алуға 1325 аз қамтамасыз етілген отбасы өтініш білдірсе, оның ішіндегі отбасы мүшелерінің 1568 еңбекке қабілетті адам. Өтініш білдірген уақытта –1184 адамның жұмысы бар азаматтар, қалған 384 адам 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына қатыстырылып, жеке кәсіпкер 4 адам, жастар практикасына-3 адам, қоғамдық жұмысқа-52 адам, әлеуметтік жүмыс орындарына -23 адам, тұрақты және уақытша жұмысқа – 302 адам тартылды.
2023 жылға атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-7 жастағы балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет төлеуге республикалық бюджеттен барлығы 133111,0 мың теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылдың 6 айында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы 1191 отбасыларындағы 1-7 жасқа дейінгі 2387 балаға 59212,4 мың теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындалып, 1191 отбасыларындағы 1-7 жасқа дейінгі 2387 балаға 50057,8 мың теңге төленді.