Келес ауданында алкогольсіз шәрбат шығарылуда

47

Келес өңірінде кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда. Аудан аумағында шағын кәсіпкерлікпен қатар ірі бизнес саласын дамытуға басымдық берілуде. Осы орайда Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев 20 жылдан астам елге қызмет етіп келе жатқан кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Аудан басшысы Абай ауылындағы «Мерген Н» ЖШС-нің минералды сусындар мен алкогольсіз шарбат өнімдерін өндіретін зауыт және «AIBI-AI» ЖШС-нің күйдірілген қыш өнімдерін өндіретін кәсіпорынға арнайы барып, кәсіпорынның жұмысын бағамдады. Кәсіпорын басшылығымен сұхбаттасып, өзекті мәселелерін тыңдады.
Өз кезегінде аудан басшысы кәсіпорынның қуаттылығын арттыру бағытында тиісті мекеме басшыларына тапсырма жүктеді. Сондай-ақ кәсіпорын айналасының санитарлық тазалығына және көгалдандыру шараларын тұрақты түрде атқаруға шақырды. Тың технологияларды енгізу арқылы жұмысшы күшін арттыру бағатында бірлесе жұмыс істеуге уағдыласты.
Айта кетейік,«Мерген-Н» ЖШС-гі бүгінгі таңда 31 адамды жұмыспен қамтып, сағатына 2,5 мың дана бөтелкеде минералды сусындармен алкогольсіз шарбат өнімдерін өндіруде. Ал, «AIBI-AI» ЖШС-гі 70 адамды жұмыспен қамтып, жылына 38 млн.дана күйдірілген қыш өнімдерін өндіреді.