Келестік 14 жасар оқушы әлемнің үздік сәулет құрылыстарының макетін жасайды

42

Келес ауданының тумасы 14 жасар Шахимардан Жақсылықұлы қолөнердің ерекше түрін жанына серік еткен. Ағаштан ою ойып, түрлі кәдесыйлар жасайтын талантты бала 9-сыныпқа көшті. Әкесі де анасы да ауылда еңбек пәнінің мұғалімі болғандықтан Шахимарданды кішкентай кезінен еңбекке баулып тәрбиелеген.

— Болашақта құрылыс инженері болғым келеді. Ағам осы мамандықта мемлекеттік грант иегері атанған. Бұл мамандық құрылыс жобаларын іске асырудың барлық кезеңдерін қамтиды. Сондықтан маған қатты қызық. Қазір “Бәйтерек”,”Биг-бэн”, “Эйфель” мұнарасы сияқты ғимараттардың макетін жасадым. Үйде әкемнен көп нәрсені үйреніп жүрмін,-дейді жас қолөнерші.
Көп балалы отбасында өскен Шахимардан ұлдардың ортаншысы, қолөнер жағына бала кезінен қызығушылығымен әкесінің алдынан шықпайтын, қолынан келмейтіні жоқ. Әкесі қолөнер шебері, мүсінші, суретші, ағаш ұстасы, шебер. Анасы қолөнер шебері, тігінші.