Кілем өндірісі төмендеді

62
Кілем фабрикасы

Ұлттық стаистика бюросының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда кілем өндірісі төмендеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында кілем мен кілем өнімдерінің өндіріс көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% төмендеді.

Мәселен, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында қазақстандық кәсіпорындар 2,7 млн м2 кілем өнімін шығарса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3,6 млн м2 өнім өндірілген. Бұл ретте аталған өнімдердің импорты 3,5% қысқарды.

Мәселен, жоғарыда аталған кезеңде 7,4 млн м2 астам өнім импортталды. Шетелден әкелінген өнімдердің нарықтағы үлесі – 73,3%. Осы ретте бірінші жарты жылдың ішінде экспорт қарқыны 52,4% өскен, шетелге 334,1 мың м2 кілем өнімі жөнелтілді.

Алты айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта барлығы 9,8 млн м2 кілем мен кілем өнімі сатылған.