Коммуналдық төлемдерге қатысты зейнеткерлерге көмек көрсетіледі ме?

97
фото Толқын

Әлеуметтік желілерде зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желіде тараған ақпарат жалған екенін мәлімдеді.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан, үкімет қаулысымен барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі, үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. Сондықтан бұл ақпарат жалған», — делінген хабарламада.

Алайда ведомство «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң аясында әкімдіктер жергілікті бюджеттен тұрмысы төмен отбасыларға жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстардың шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсететінін атап өтті. Тұрғын үй көмегін алуға құжаттарды egov.kz порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беруге болады.