Көпқабатты үйлердің ауласында көлік жууға бола ма? Заңгер жауабы

611

Қалада көпқабатты үйлердің ауласы мен көшеде көлік жууға рұқсат па? Бұл сұрақтың жауабын редакция заңгері Венера Нұрғалиқызынан сұрап білдік.

Заңгердің айтуынша, ең алдымен қаланы көріктендіру туралы ережемен тағы бір рет танысып шығу керек. Әрине, әр қалада бекітілген ережелерде аздаған ерекшеліктер болуы мүмкін. Десе де бәріне ортақ тармақ бар. Яғни, көпқабатты үйлердің ауласында, су тартатын құдықтардың, арықтардың жанында және демалыс орындары мен қоғамдық орындарда көлікті жууға, тазартуға және жөндеуге болмайды.

«Егер бұл ережеге бағынбасаңыз, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес сізге алғашында ескерту беріледі немесе 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (69 мың теңге) айыппұл салынады. Ал бір жыл ішінде мұндай жағдай екінші рет қайталанса, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (103500 теңге) айыппұл салынады. Ал заңды тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері көрсетілген сомадан артық болатынын естеріңізге саламын»,-деді заңгер.