Мал ұрлығының 8 фактісіне қатысы бар күдіктілер ұсталды

38

Түркістан облысы ПД полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Түркістан облысы аумағында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты.

Нақтырақ айтсақ, Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мал ұрлығын ашуға, күдіктілерді ұстауға бағытталған арнайы шаралар кешенін жүзеге асырды. Жедел уәкілдер қабылданған шаралардың нәтижесінде ірі қара малдарды ұрлаумен айналысқан Қазығұрт ауданының екі тұрғынынан тұратын адамдар тобын ұстады.
Анықталғандай, күдіктілер қылмыстық әрекеттерді алдын-ала жоспарлап, жайылымдарда адамдардың жоқтығына көз жеткізіп, малдарды ұрлап, «ГАЗель» көлігіне тиеген. Содан кейін ұрланған малдарды Сайрам, Сарыағаш ауданы және Тараз қаласының мал базарларында сатқан. Мал ұрылары қылмыстық жолмен тапқан пайдаларын өзара бөліскен.
Полицейлер күдіктілердің Қазығұрт ауданында жасалған мал ұрлығының 8 фактісіне қатысы барын дәлелдеді. Заттай дәлелдемелер ретінде «ГАЗель» автокөлігі мен 3 бас үй жануары тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған адамдардың Түркістан облысының аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда