«ОЖТ» Түркістан мен Шорнақтағы тозығы жеткен электр жүйелерін жаңартты

39

Түркістан облысы мен Шымкенттің халқын электр жарығымен қамтыған «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы 2023-2027 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаға енгізілген жоспарларды кезеңімен орындауда. Энергетиктер ұйымдастырған баспасөз турына қатысқан сала мамандары, қоғам ұйымдары мен БАҚ өкілдері ағымдағы жылы Түркістан қаласы мен Сауран ауданында атқарылған жұмыстармен танысты.

«Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі 2023 жылға бекітілген инвестбағдарламадағы жоспар бойынша жұмыс жүргізуде. Түркістан қаласында тозығы жеткен ағаш бағаналары мен ұзындығы 2 шақырым 10/0,4 икловольттық электр желілері қайта жаңартылуда. Бұдан бөлек, Қ.Мұңайтпасов көшесіндегі 1977 жылы орнатылған қуаты 160 киловольт Амперлік трансформаторды қуаты 400 кВа трансформаторына ауыстырылды.

Инвестбағдарала аясында жаңғыртудан өткен келесі нысан Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында орналасқан қосалқы стансасы. Өткен ғасырдың 1967 жылы пайдалануға берілген стансаның қуаттылығын арттыру мақсатында ауқымды жұмыс жүргізілді дейді сала мамандары.

Архабай Тастанов, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің техникалық директоры: «Алдын 2 мыңдық және 4 мыңдық киловольтАмперлік трансформатор тұрған. Бір ғана қоректететін желі болған. 35 киловольттық. Қазір оның барлығын инвестбағдарлама бойынша орындап бітірдік. Қуаттылығын 10 мыңдық киловольтАмперлік трансформаторға ауыстырдық. Сенімділігін арттыру үшін екінші 35 киловольттық желілердің барлығын жаңадан құрылыс жүргізіп, 24 километр линия тартып, бұрынғы тұрған линияны қайтадан модернизациядан өткізіп, қайта жөндеу жүргіздік».

Қайта жаңғыртудан өткен қосалқы стансадан тартылған электр желілері арқылы Бабай Қорған, Сауран, Майдантал ауылдарының халқы үздіксіз сапалы электр жарығымен қамтамасыз етіліп отыр. Инвстбағдарламада бекітілген жоспарлардың орындалуы табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қадағалауында.

Қанат Оралов, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы: «Екі нысан араладық: Түркістан қаласында және Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылын. Негізі оң баға береміз. ОЖТ тозу деңгейі 57.9 пайыз. 3 сектор-аймаққа бөлсек, жасыл аймақта 2023-2027 жылдарға арналған инвест бағдарламасына сәйкес тозу деңгейі 1,5 пайызға азайтылады. Инвестбағдарламаны бекітудің ең басты мақсаты реттелетін қызметтің -электр энергиясының таралу. тасымалдау сапасын арттыру және ұлғайту».

Департамент басшысының айтуынша «ОңтүстікЖарықТранзит» компаниясы 2022 жылы да инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген 5.9 миллиард теңгенің 4,9 миллиардын жаңғыртуға жұмсаған. Биылға қарастырылған 7 миллиардтан астам қаржының 5,1 миллиарды тозығы жеткен электр жүйелерін жаңғыртуға кезеңімен игерілуде.

Жарқынбек Сейтімбетұлы, «Демократия институтын дамыту орталығы » ҚБ директоры: «Қоғам тарапынан өзім ойлаймын дұрыс баға беремін. Себебі, жаңарған жақсы, егер ескі болса, біз бәріміз білеміз бір күні күйеді, бір күні жанып кетеді. Одан халық шулайды. Сол үшін бұл инвстбағдарламасына көңілім толып тұр, бұдан да ары қарай жаңарта берсін».

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы халқын үздіксіз сапалы электр энергиясымен қамтуға бағытталған инвестициялық бағдарлама 2023-2027 жылдарға арналған. Құжатқа сәйкес, энергетиктер барлық міндеттемелерін мерзімінде орындауға кепілдік береді