«QAZAQ ARAGY»: Заңсыз алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

41
фото Егемен.кз

Келес аудандық сотымен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай-ӘҚБтК) 200-бабының 3-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған Ф-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2023 жылғы 11 тамызда сағат 22.30 шамасында дара кәсіпкер Ф. Келес ауданы, Абай ауылы, Мырзахметов көшесі бойында орналасқан өзінің «Ы.» атаулы азық-түлік дүкенінде сатып алушы А-ға этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын «QAZAQ ARAGY» алкоголь өнімін бөлшек сауда арқылы өткізгені сотпен анықталды.
Құқық бұзушы Е. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлiгінде қарастырылған құқық бұзушылық белгілерімен кiнәлi деп танылып, оған лицензиясының қолданысын 3 (үш) айға тоқтата тұрып, 138 000 (бір жүз отыз сегіз мың ) теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енбеген