Қазақстандықтарды алдап келген деген күдікпен қызылордалық ер азамат ұсталды

40

Шымкентте қазақстандықтарды алдап келді деген күдікпен қызылордалық ер азамат құрықталды. Шығын көлемі – 6 млн теңге. Күдіктінің құрбандары Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының азаматтары болған. Ер адам ел аралап жүріп, дүкендер мен дәріханаларда сауда жасап, көліктен ақша әкелемін деп шығып кетіп, ізін суытып отырған.

Сүндет Тілеуқабыл, Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі: «Түркістан Полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шараларының барысында бірқатар алаяқтың ісіне қатысы бар ер азаматты анықтады. Іздеуде жүрген ер азаматты Шымкент қаласынан құрықтады. Күдіктінің Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында алаяқтық қылмысының 45 жайтына қатыстылығы анықтады.Жәбірленушілерге келтірген жалпы шығын 6 млн.Белгілі болғандай ер адам дәріханаларға, дүкендерге кіріп, сатушының сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен түрлі тауарлар мен темекі бұйымдарын жымқырып келген».

Ағымдағы жылдың наурыз айында Шымкентте интернет алаяқтық бойынша 6 күдікті ұсталған. Мамандардың айтуынша, азаматтар қазақстандықтарды телефон арқылы алдайды. Оларға хабарласып, жаңа автокөліктің иесі атанғанын жеткізеді. Бірақ бір ғана шартпен: иелену үшін белгілі бір мөлшерде ақша аудару қажет. Осы уақытқа дейін сыйлық пен қаржысыз қалған 10 жәбірленуші анықталды. Айта кетейік, бұл алаяқтардың алдау түрінің бірі ғана. Қалалық прокуратураның мәліметінше, бұл биыл ұсталған ғаламтор-айлакерлерінің үшінші тобы . Онда азаматтарды мемлекеттік бағдарламаларға грант, атаулы әлеуметтік көмек алуға көмектесеміз деп алдаған. Қазіргі уақытта шығын көлемі 1млрд асады.