Қоғамдық тамақтану орындарынан 150 млрд. теңгеге жуық салық түскен

19
«ATLAS» мейрамханасы жаңа ас мәзірімен қуантуда

Былтырдан бері бір ғана мейрамхана бизнесінен 90 млрд. теңгеге жуық салық түскен. Ал ел қазынасын еселеп отырғандардың басым бөлігі — Алматы қаласынан. Дәл осы рестораторлық кәсіпке ден қойғандардың да қатары артуда.

Соңғы бір жарым жылдың ішінде 8 мыңнан аса кәсіп иесі дәл осы мейрамхана бизнесі бойынша тіркелген. Бір жылда еліміздің қазынасына 50 млрд. теңгеге жуық салық түскен. Ал 2023 жылдың тек жеті айында дәл осы мейрамхана бизнесінен ел қазынасына 38 млрд. теңге салық түскен.

Келушілердің көбі қоғамдық тамақтану орындарының саны ғана емес, қызмет көрсету сапасының да арта түскен айтады. Сондай-ақ тамаққа тапсырыс берушілер саны да күрт артқан. Елімізде 73 мыңнан аса қоғамдық тамақтану орны бар. Жалпы қоғамдық тамақтану орындарынан соңғы бір жарым жылда 150 млрд. теңгеге жуық салық түскен. Мемлекеттік кіріс комитетіндегілер былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда биылғы кіріс 24 пайызға артқанын айтады