Құтқарушылар дәрігерлерге баланың қолын электр тартқыштан босатуға көмектесті

34

 

 

  Сайрам елді мекеніндегі №3 Шымкент қалалық ауруханасында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың қолын электр ет тартқыштан босату бойынша бірегей операция жүргізді.

Қалалық ауруханадан «112» құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолын электр ет тартқыштың қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Балаға көмек көрсету үшін дәрігерлер оның қолын шығарып ала алмады, құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Ата-аналардың айтуынша, бала электр тартқышпен жұмыс істеген кезде оның жанында болған. Құтқарушылар операцияны дәрігерлермен бірге жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен ет тартқыштың корпусын мұқият кесіп, қолын босатты, бұл сәтте баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған.

Қазіргі уақытта бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында реанимация бөлімінде.