Сайрам ауданы жекеменшік мектеп салудан өңірде алғашқы орында тұр

37

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов Қарамұрт ауылдық округіндегі «Парасат» жекеменшік мектептің ашылу салтанатына қатысты. Аталған 500 орындық білім ордасы толық заман талабына сай етіп жасалған. Бүгінде білім нысанында 50-ден аса білікті ұстаз жұмыс істеуде.

Биыл жаңа оқу жылында 3566 орындық 7 жекеменшік мектеп ашылады деп жоспарлануда. Жалпы Сайрам ауданы жекеменшік мектеп салудан өңірде алғашқы орында тұр. Сондай-ақ, ауданда 7962 мұғалім жұмыс істейді.
Аудан әкімі жаңа мектептің ұстаздары мен ата-аналарын және оқушыларды айтулы күнмен құттықтап, табыс тіледі.
«Ауданымызда 64 мыңнан аса озушы білім алады. Бұл облыстағы үлкен көрсеткіш, әрбір 8 бала Сайрам ауданында білім алады деген сөз. Биылғы оқу жылында 201 білім беру мекемелері жұмыс атқарады. Оның ішінде 74 мемлекеттік және 22 жекеменшік мектептер. Сондай-ақ, 11 мемлекеттік пен 83 жекеменешік балабақшалар жұмыс істейді»,- дейді аудан әкімі Арман Сәбитов.
Жаңа мектепте мультимедиялық оқу залдары, заманауи жабдықталған физика, химия, биология, информатика, интербелсенді тақталарымен жабдықталған, технология кабинеттері жабдықталған. Жобалық құны 400 млн. теңге.