Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі 5 шақырым «Ордабасы» индустриялдық аймақтың аумағында 17 тамызда сағат 22:10-да «Аль-Абай» ЖШС-на қарасты сабын шығаратын цех қоймасының ішінде сабын дайындауға арналған шикізат жанды. Өрттің көлемі 285 ш.м. құрады.
Өрт сағат 23:02-де оқшауланып, сағат 02:29 толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.Өрттің себебі мен материалдық шығындардың көлемі анықталуда.
Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінен 80 қызметкер, 22 дана техника, «Эко» ЖШС-ның 4 дана су тасығыш, 4 қызметкер, Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 5 қызметкері, 2 дана техника жұмылдырылды.