Шымкентте патруль көлігі балалы әйелді қағып кетті

59

Оқыс оқиға Шымкент қаласындағы А.Байтұрсынов көшесінде қалалық онкологиялық ауруханаға жақын жерде орын алған. 3 тамыз күні сағат 17:00 шамасында жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран АПБ-ның жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кеткен.

Бейнежазбаны куәгерлер редакцияға жіберген. Балалы әйел жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтпек болған екен.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен әйелдің жағдайы орташа, жабық бассүйек-ми жарақаты бар. 10 жасар баланың миы шайқалған, ішінің доғал жарақаты және гематома бар. Олар қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Шымкент қалалық ІІД бұл жағдайға қатысты  тергеу жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.